«Челси» базасында ем алған Дастан Сәтпаев қайта алаңға шығатын болды

18 жастағы футболшы жақын күндері жаттығуға қайта кірісуі мүмкін

ФК "Бернли"
ФК "Бернли"

Қазақстан құрамасы мен ағылшынның «Бернли» клубының шабуылшысы Дастан Сәтпаев жарақатынан кейін жақын күндері жаттығуға қайта кірісуі мүмкін. Бұл туралы ASnews.kz хабарлады.

18 жастағы футболшының алдағы бірнеше күнде алаңға қайта шығуы күтіліп отыр.

Сәтпаев жарақатынан кейінгі ем мен оңалту жұмыстарын Лондондағы «Челси» клубының базасында өткізді. Қазақстандық шабуылшының трансферлік құқықтары осы клубқа тиесілі.

Футболшы жамбас бұлшықетінің артқы бөлігінен жарақатты 3 қыркүйекте Чемпионшиптің төртінші турында өткен кездесуде алған. Осыған байланысты біраз уақыт қалпына келуіне тура келді. Енді ол жаттығу процесіне қайта қосылуға жақын.

Сәтпаев «Челсимен» келісімшартқа 2026 жылғы 12 тамызда ресми түрде қол қойған. Арада екі күн өткен соң, 14 тамызда «Бернли» сапына маусым соңына дейін жалға берілді.

Жарақат алғанға дейін қазақстандық футболшы жаңа командасы сапында төрт ресми матч өткізді. Оның үшеуінде Чемпионшипте, біреуінде Англия лигалар кубогында алаңға шықты.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам