Отандасымыз алғашқы айналымда жарысты аяқтады
Аичи-Нагояда өтіп жатқан XX жазғы Азия ойындарында бокстан әйелдер арасында 60 келі салмақта 1/8 финалдық жекпе-жектер өтуде.
Әлем чемпионатының күміс жүлдегері Виктория Графеева 1/8 финалда Париж Олимпиадасының чемпионы Линь Юйтинмен айқасып, 2:3 есебімен есе жіберді.
Айта кетейік, екі боксшы маусым айында ғана Қытайда өткен әлем кубогының финалында да өзара мықтыны анықтап, отандасымыз жеңіске жеткен.