«Оған жететінімді білемін»: Роналду 1000 гол соғып, рекорд орнатқысы келеді

41 жастағы футболшы қазіргі таңда 1337 матчта 979 гол соққан

Әлеуметтік желі
Әлеуметтік желі

«Аль-Наср» мен Португалия құрамасының шабуылшысы Криштиану Роналду кәсіби мансабында 1000 гол соғу межесіне жетуге ұмтылып жүргенін айтты.

41 жастағы футболшы қазіргі таңда 1337 матчта 979 гол соғып, 261 нәтижелі пас берген. Осылайша, тарихи межеге жету үшін оған тағы 21 гол қажет.

«Мен оған жететінімді білемін. Бірақ бұл мен үшін әуестікке айналған жоқ. Ең бастысы – осының бәрінен ләззат алу. Дегенмен бұл рекордты орнатқым келетіні рас», – деді Роналдуның сөзін Record басылымы келтірді.

Португалиялық шабуылшы кәсіби мансабында «Спортинг», «Манчестер Юнайтед», мадридтік «Реал», «Ювентус» және «Аль-Наср» клубтарында өнер көрсетті.

Ұлттық құрама сапында Роналду УЕФА Ұлттар лигасын екі рет жеңіп алды. Сондай-ақ 2016 жылы Португалияға Еуропа чемпионы атануға көмектесті.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам