Ұлттар лигасы: Қазақстан құрамасы жаңа бапкермен алғашқы ұпайына қол жеткізді

Қазақстан құрамасының келесі кездесуі 29 қыркүйекте өтеді

Қазақстан футбол федерациясы
Қазақстан футбол федерациясы

Ұлттар лигасының C дивизионында өнер көрсетіп жатқан Қазақстан құрамасы Фарер аралдарымен кездесіп, 1:1 есебімен тең тарасты. Бұл – бас бапкер Джон ван’т Шкиптің ұлттық құрама тізгініндегі алғашқы матчы және ұпайы.

Ойын Фарер аралдарының астанасы Торсхавнде өтті. Есепті бірінші болып алаң иелері ашты. 14 минутта Аки Самуэльсеннің жоғары бұрышқа тепкен добын Стас Покатилов қайтара алған жоқ.

Ал, араға небәрі 12 минут салып бұрыштамадан көтерілген допқа бірінші секірген Темірлан Ерланов таразы басын теңестірді. Оған пасты команда капитаны Бауыржан Исламхан берген.

Қазақстан құрамасының келесі кездесуі 29 қыркүйекте өтеді. Бұл күні Шкип шәкірттері сырт алаңда Словакиямен кездеседі. Ал, 2 қазанда Астанада Молдова құрамасын қабылдайды. 6 қазанда Фарер аралдарына қарсы қарымта матч жоспарланған.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам