Ұлттар лигасы: Англия Хорватия қақпасына жауапсыз жеті гол соқты

Бұл есеп – Хорватия тарихындағы ең ірі жеңіліс

instagram.com/england/
instagram.com/england/

Ұлттар лигасының A конференциясында өнер көрсетіп жатқан Англия құрамасы Хорватияға қонаққа барып, алаң иелерін 7:0 есебімен ойсырата жеңіп кетті.

Ойындағы есепті 8-минутта Англия сұрмергені Харри Кейн ашты. 21-минутта Джуд Беллингем есепті еселесе, араға 18 минут салып Энтони Гордон хорваттар қақпасына үшінші голды енгізді. Ал, тайм аяқталар сәтте Букайо Сака өз еншісіне бір гол жазып кетті.

Екінші таймда Хорватия бапкері бірнеше ойыншыны алмастырды. Тіпті, команда капитаны – ардагер ойыншы Лука Модричті де демалысқа жіберген. Алайда, алай иелеріне бұл да көмектескен жоқ. 53-минутта Харри Кейн дубль авторы атанса, артынша Букайо Сака да қанжығасын екінші рет майлады. Ал, ойындағы соңғы нүктені 87-минутта Морген Роджерс қойды. Қорытынды есеп – 7:0.

Айта кету керек, бұл есеп – Хорватия тарихындағы ең ірі жеңіліс. Бұған дейін олар Испаниядан 0:6 есебімен ойсырай ұтылған.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам