Футболдан Өзбекстан құрамасы (23 жасқа дейін) Азия ойындарының қола медалі үшін болған матчта Қытайдан жеңіліп қалды.
Ойынның негізгі уақыты 2:2 есебімен тең аяқталған. Төреші матчтан кейін бірден пенальти белгілеп, нәтижесінде қытайлықтар 4:3 есебімен басым түсті.
Матчтағы есепті 15-минутта қытайлық ойыншы Ху Хэтао ашқан. Бірінші тайм бітуге екі минут қалғанда Сардорбек Бахромов таразы басын теңестіріп кетті.
Екінші тайм бастала салысымен Қытай құрамасы тағы да толассыз шабуылдап, ақыры 53-минутта гол соғып, алға шықты. Алайда, 90-минутта өзбек ойыншылары ерекше жанкештілік танытып, есепті тағы теңестірді, гол авторы – Шодиер Шодибоев.
Регламент бойынша, үшінші орын үшін болатын матчқа экстра-тайм қосылмайды. Сондықтан командалар бірден пенальти тебісті. Бұл текетіресте Қытай құрамасының мерейі үстем болды, олар бес соққының төртеуін қақпаға дарытса, өзбектер екі рет мүлт кетіп, үш гол ғана соға алды.