«Тұран» келесі маусымда Қазақстан Премьер-лигасында ойнайды

Қазір түркістандық команда 50 ұпаймен үшінші орында тұр

Бірінші лига
Бірінші лига

Түркістанның «Тұран» футбол клубы келесі маусымда Қазақстан Премьер-лигасында (ҚПЛ) өнер көрсетеді.

8 қазанда Бірінші лиганың 24-туры аясында Қарағандының «Шахтері» өз алаңында «Академия Оңтүстікті» 2:0 есебімен жеңді. Осы нәтижеден кейін шымкенттік клубтың турнир кестесінде «Тұраннан» озып шығу мүмкіндігі қалмады.

Қазір түркістандық команда 50 ұпаймен үшінші орында тұр. Маусымның аяқталуына үш тур қалғанда «Тұранның» бұдан төмен түспейтіні белгілі болды.

Турнир кестесінде екінші орында келе жатқан «Қайрат-Жастар» ҚПЛ-ға көтеріле алмайды. Өйткені Алматының негізгі командасы жоғары дивизионда өнер көрсетеді.

Осылайша, «Тұран» Бірінші лигадағы маусым аяқталмай жатып, ҚПЛ-ға жолдама алды. Ал «Шахтер» де жоғары дивизионға оралуға жақын. Қарағанды клубы қазіргі таңда Бірінші лиганың чемпионы атануға басты үміткер саналады.

Материалда:

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам