Черчесов Самородовтың Қазақстан құрамасында жарақатпен ойнағанын айтты

Самородовтың жарақаты кемінде үш апта емделуді қажет еткен

offside.kz
offside.kz

Грозныйдың «Ахмат» клубының бас бапкері Станислав Черчесов Қазақстан құрамасының шабуылшысы Максим Самородовтың ұлттық құрама сапында жарақатына қарамастан алаңға шыққанын мәлімдеді.

Максим Самородов пен қазақстандық вингер Ғалымжан Кенжебек Ресей Премьер-лигасының 10-туры аясында «Балтикаға» қарсы өтетін матчқа «Ахматтың» өтініміне енгізілген жоқ.

Черчесовтің айтуынша, Самородовтың жарақаты кемінде үш апта емделуді қажет еткен. Соған қарамастан, ол Қазақстан құрамасы сапында ойынға қатысқан. Қазір футболшының жағдайы қосымша тексеруді қажет етеді.

«Жалпы, ойыншылардың көбі ұлттық құрамадан жақсы жағдайда оралды. Самородов қана ойнай алмайды. Оның жарақаты кемінде үш апта емделуді қажет етсе де, Қазақстан құрамасы сапында не себепті алаңға шыққанын түсінбеймін. Кеше оған МРТ жасадық. Тексеру нәтижесінде дәрігерлеріміз анықтауы тиіс мәселе бар екені белгілі болды. Қазір ол жаттығуға қатысып жатқан жоқ. Қалған ойыншылар жарақатсыз оралды. Бірі көбірек, енді бірі азырақ ойнағанымен, барлығының көңіл күйі жақсы», — деп келтіреді Черчесовтің сөзін «Матч ТВ».

Осылайша, Максим Самородов «Ахматтың» алдағы матчына қатыса алмайды. Оның алаңға қашан оралатыны әзірге белгісіз.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам