Сәтпаев алаңға шыққан матчта «Бернли» маусымдағы алғашқы жеңісіне жетті

Ол алаңға 74-минутта Якуб Бруун Ларсеннің орнына шықты

Әлеуметтік желі
Әлеуметтік желі

Қазақстан құрамасының шабуылшысы Дастан Сәтпаев Англия чемпионшипінің тоғызыншы турында «Уотфордқа» қарсы өткен кездесудегі ойыны үшін 6,7 ұпай алды. Flashscore сервисі қазақстандық футболшының өнерін осылай бағалады.

Сәтпаев матчты қосалқы құрамда бастады. Ол алаңға 74-минутта Якуб Бруун Ларсеннің орнына шықты.

«Бернли» сапында ең жоғары бағаға Бруун Ларсен ие болды. Оның ойыны 8,7 ұпаймен бағаланды. Ал ең төмен көрсеткіш Джош Лорантта тіркелді — 6,0 ұпай. Сәтпаевтан бұрын алаңға шыққан Джейми Варди 6,3 ұпай алса, Анель Ахмедходжич пен Ларжи Рамазани 6,4 ұпайдан жинады.

Кездесу «Бернлидің» 4:0 есебіндегі жеңісімен аяқталды. Голдарды 13-минутта Бруун Ларсен, 19-минутта Зеки Амдуни, 25-минутта Рео Хатате және 87-минутта Маркус Эдвардс соқты.

Бұл жеңіс «Бернли» үшін осы маусымдағы Чемпионшиптегі алғашқы табысы болды. Команда жеті ұпай жинап, турнир кестесінде бір саты жоғарылап, 23-орынға көтерілді. Дегенмен клуб әлі де төменгі лигаға түсіп қалу аймағында тұр.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам