Самат Смақовтың ұлы «Бешикташ» сапындағы бесінші голын соқты

18 жастағы жартылай қорғаушы Түркия U-19 чемпионатында ойнайды

instagram.com/bjkakademi
instagram.com/bjkakademi

Қазақстандық жас футболшы Аламгир Смақов Түркияның «Бешикташ» клубы сапында кезекті голын соқты. Қазақстан құрамасының бұрынғы қорғаушысы Самат Смақовтың ұлы жастар арасындағы чемпионатта көзге түсті.

18 жастағы жартылай қорғаушы Түркия U-19 чемпионатының алтыншы турында «Коджаэлиспорға» қарсы өткен кездесуде гол авторы атанды. Ол 54-минутта қарсылас қақпасын дәл көздеп, командасының жеңісіне үлес қосты.

Матч «Бешикташтың» 3:1 есебімен жеңісімен аяқталды. Осылайша, Ыстанбұл клубы чемпионаттағы жеңісті сериясын жалғастырып, алты ойынның барлығында жеңіске жетті. Команданың еншісінде 18 ұпай бар.

Ал Аламгир Смақов осы маусымда «Бешикташ» сапында бес гол соғып үлгерді.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам