Роналдусыз қалған «Аль-Наср» өзбекстандық клубты 6:2 есебімен ойсырата жеңді

Төрт турдан кейін «Пахтакор» екі ұпаймен турнир кестесінің 12-сатысында тұр

Getty Images
Getty Images

Азия чемпиондар лигасының 2026/2027 жылғы маусымындағы жалпы кезеңнің төртінші турында Өзбекстанның «Пахтакор» клубы Сауд Арабиясының «Аль-Наср» командасынан ірі есеппен жеңілді.

Кездесу қонақтардың 6:2 есебімен жеңісімен аяқталды.

«Аль-Наср» сапында Анджело, Абдулла әл-Хамдан, Абдулла әл-Амри, Абдулрахман Гариб және Жоау Феликс гол соқты. Португалиялық шабуылшы дубль авторы атанды. Ал алаң иелерінің қатарынан Фламарион мен Достонбек Хамдамов мергендік танытты.

Айта кетейік, «Аль-Наср» бұл кездесуге Криштиану Роналдусыз шықты. 41 жастағы португалиялық футболшы команда өтініміне енгізілген жоқ.

Төрт турдан кейін «Пахтакор» екі ұпаймен турнир кестесінің 12-сатысында тұр. Ал «Аль-Наср» алты ұпай жинап, төртінші орынға жайғасты.

Келесі турда өзбекстандық клуб сырт алаңда «Әл-Иттихадпен» кездессе, «Аль-Наср» өз алаңында катарлық «Әл-Саддты» қабылдайды.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам