Бүгін Нұрқожа Қайпанов әлем чемпионатының алтыны үшін күреседі

Қайпанов – 2024 жылғы әлем чемпионы

Спортты дамыту дирекциясы
Спортты дамыту дирекциясы

Бүгін, 1 қарашада, қазақ балуаны Нұрқожа Қайпанов Астанада өтіп жатқан 2026 жылғы әлем чемпионатында алтын медаль үшін күреседі.

74 келіге дейінгі салмақ дәрежесінің финалында Қайпанов ресейлік балуан Иналбек Шериевпен кездеседі. Белдесу Қазақстан уақытымен сағат 18:59-да басталады. 

Нұрқожа Қайпанов финалға дейін Косово балуаны Эгзон Джониді, әзербайжандық Туран Байрамовты, Тәжікстан өкілі Виктор Рассадинді және жапониялық Ёсиносукэ Аоягиді жеңді.

Айта кетейік, Қайпанов – 2024 жылғы әлем чемпионы. Сондай-ақ ол әлем біріншілігінде 2019 жылы күміс, 2025 жылы қола медаль иеленген. Бұған қоса, қазақстандық балуан Азия чемпионатында үш рет – 2019, 2021 және 2025 жылдары алтын жүлдеге қол жеткізді.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам