Турнир кестесін «Тобыл» бастап келеді
Футболдан Қазақстан чемпионатының екінші туры аясында алматылық «Қайрат» сырт алаңда Түркістанның «Тұранымен» кездесіп, тең тарқасты. Шымкентте өткен матч 0:0 есебімен аяқталды.
Екі турдан кейін төрт ұпай жинаған «Қайрат» турнир кестесінің төртінші орнында келеді. Ал, «Тұран» бір ұпаймен оныншы орынға тұрақтаған.
Айта кету керек, бұған дейін «Қайраттың» басшысы Қайрат Боранбаев отандық БАҚ өкілдеріне сұхбат беріп, биыл чемпион болу үшін қолдан келгеннің бәрін істейтінін айтқан еді. Клубтың 70 жылдық мерейтойына жанкүйерлерге осындай сыйлық жасаймыз деген еді ол.
Енді үшінші турда алматылық команда сырт алаңда ел чемпионы «Ордабасымен» кездеседі. Ал, «Тұран» «Шахтерге» қонаққа барады.
Қазақстан Премьер-лигасы екінші турының нәтижелері мынадай:
«Қайсар» – «Қызылжар» 0:3
«Жетісу» – «Астана» 0:2
«Атырау» – «Ордабасы» 1:1
«Тобыл» – «Елімай» 4:2
«Жеңіс» – «Шахтер» 1:0