Мейірімнің лицензиясын Жәнібекке берген кім? Қазақ пен қазақ жұдырықтассын! Жаңа подкаст!

"Римма Волосенко ұпаймен жеңді": бірақ төреші қарсыластың қолын көтерді

07.03.2024, 19:21

Ол Олимпиада лицензиясына бір қадам қалғанда сүрінді

"Римма Волосенко ұпаймен жеңді": бірақ төреші қарсыластың қолын көтерді
Қазақстан бокс федерациясы

Италияда өтіп жатқан бокстан лицензиялық турнирде қазақстандық боксшы қыз Римма Волосенко словакиялық қарсыласынан жеңілді. Қызығы, ұпай санымен Римма алда тұрған, бірақ төреші Мирослава Жединакованың қолын көтерді. Бұл туралы спорт журналисі Аян Төлеген өзінің Telegram-каналында жазды.

Жекпе-жек бойынша да қазақстандық қыз қарсыластан бір бас жоғары өнер көрсеткен. Ал, реферидің неге мұндай шешім қабылдағаны түсініксіз.

Айта кетейік, Волосенко бұған дейін үш жекпе-жегін жеңіп, ширек финалға шыққан. Бүгінгі кездесуінде жеңіске жетсе Олимпиада лицензиясын алатын еді.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 1
Күлкілі 3
Ашулану 4
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам