Кубок финалы 7 қараша күні өтеді
Қазақстан футбол федерациясының Төрешілер комитеті 2026 жылғы Қазақстан кубогының финалдық матчына қызмет көрсететін төрешілер бригадасын бекітті. Бұл туралы ҚФФ ресми сайты хабарлады.
7 қараша, сенбі күні өтетін «Ордабасы» мен «Қайсар» арасындағы шешуші кездесудің бас төрешісі болып Болат Сәриев тағайындалды.
Төрешілер бригадасының құрамы төмендегідей:
Бас төреші: Болат Сәриев (Орал);
Бас төрешінің көмекшілері: Юрий Тихонюк (Ақтөбе), Дмитрий Белоградов (Павлодар);
Қосалқы төреші: Александр Затула (Өскемен);
VAR төрешісі: Саят Қарабаев (Астана);
AVAR төрешісі: Бағдат Абдоллаев (Тараз).