Команда 10 ұпаймен турнир кестесінде 22-орында тұр
Англияның «Бернли» клубы Чемпионшиптің 15-туры аясында сырт алаңда Уэльстің «Кардифф Сити» командасына есе жіберді. Тартысты кездесу алаң иелерінің 5:4 есебімен жеңісімен аяқталды.
Кардифф қаласындағы аттас стадионда өткен матчта есепті 15-минутта «Бернли» шабуылшысы Андреа Унтонджи ашты. Арада он минут өткенде Маркус Эдвардс қонақтардың басымдығын еселей түсті. Алайда бірінші тайм аяқталар тұста Олли Таннер бір гол соғып, есеп айырмасын қысқартты.
Екінші таймда командалар гол алмасуды жалғастырды. 55-минутта Ларджи Рамазани «Бернлидің» үшінші голын соқты. Алайда төрт минуттан кейін Александр Робертсон өз қақпасына гол енгізіп, алаң иелеріне үміт сыйлады.
Одан кейін «Кардифф Сити» сапынан Юсеф Салех дубль авторы атанды. Джек Мойлан пенальтиден көзге түссе, Робертсон қосымша уақытта жеңіс голын соқты.
Қазақстан құрамасының шабуылшысы Дастан Сатпаев жарақатынан әлі толық айыққан жоқ. Сондықтан ол бұл кездесудің өтініміне енгізілмеді.
Осы жеңілістен кейін «Бернлидің» жеңіссіз сериясы алты матчқа жетті. Команда 10 ұпаймен турнир кестесінде 22-орында тұр және төменгі лигаға түсіп қалу аймағында орналасқан. Ал «Кардифф Сити» 18 ұпаймен 14-сатыға көтерілді.