«Барселона» маңызды үш ұпайды еншілеп, 33 ұпаймен көш бастап тұр
«Барселона» Испания чемпионатының 12-туры аясында Мадридте «Атлетиконы» 2:1 есебімен жеңді.
Кездесуде алғашқы болып алаң иелері есеп ашты. 10-минутта Джулиано Симеоне «Атлетиконы» алға шығарды. Алайда каталондықтар тайм аяқталар тұста таразы басын теңестірді. 45-минутта Фермин Лопес мергендік танытты. Екінші таймда да шабуылшының бағы жанды: 66-минутта дубль жасап, командасына жеңіс әкелді.
Осылайша, «Барселона» маңызды үш ұпайды еншілеп, 33 ұпаймен турнир кестесіндегі көшбасшылығын сақтап қалды. Каталондықтар екінші орында тұрған «Реалдан» үш ұпайға ұзап кетті. Ал «Атлетико» 28 ұпаймен үшінші орында қалды.
Келесі турда мадридтік клуб сырт алаңда «Хетафемен» кездеседі. Ал «Барселона» өз алаңында «Вильярреалды» қабылдайды. Екі ойын да 22 қарашаға жоспарланған.