Ла Лига мен АПЛ-дегі тартысты шайқастар

Olimpbet сарапшыларының «Атлетико» – «Барселона» және «Манчестер Юнайтед» – «Астон Вилла» матчтарына талдауы

Olimpbet
Olimpbet

Испания. Ла Лига. 12-тур.

«Атлетико» – «Барселона». 9 қараша, 01:00 (Астана уақытымен).

Алдағы демалыс күндерінің испан футболындағы ғана емес, бүкіл Еуропа футболындағы басты оқиғаларының бірі Примераның екі алыбы – «Атлетико» мен «Барселона» арасындағы кездесу болмақ.

Olimpbet сарапшылары бұл текетіресте қонақтарды айқын фаворит санайды. Олардың пікірінше, каталониялықтардың жеңіске жету мүмкіндігі мадридтік командаға қарағанда шамамен екі есе жоғары.

Турнирлік жағдай және соңғы матчтар

12-тур қарсаңында бұл екі клуб Ла Лиганың турнирлік кестесінде көш бастап тұрды. 30 ұпай жинаған «Барселона» жеке-дара бірінші орында болса, «Атлетико» одан небәрі екі ұпайға қалып, екінші сатыға жайғасқан.

Дегенмен екі команданың да ойын күнтізбесі өте тығыз. «Барселона» соңғы үш аптада бірнеше маңызды кездесу өткізді. Испания чемпионатында «Бетис» және «Реалмен», ал Чемпиондар лигасында ПСЖ және «Астон Вилламен» күш сынасты.

Каталониялықтар севильялықтарды 5:2, бирмингемдік клубты 3:0 есебімен жеңгенімен, мадридтік «Реалға» 2:3, ал париждік ПСЖ-ға 2:4 есебімен жол берді.

Ал «Атлетиконың» ойын кестесі салыстырмалы түрде жеңілірек болды. Соның нәтижесінде мадридтіктер Примерада қатарынан жеті матчта жеңіске жетті.

Алайда Чемпиондар лигасында «Атлетико» екі турдан бері жеңіске жете алмай келеді. Команда «Штутгартпен» 1:1 есебімен тең түсіп, өз алаңында «Бавариядан» 0:2 есебімен жеңілді.

Статистика

Испания чемпионатында Ханси Флик жаттықтыратын «Барселона» Диего Симеоненің командасынан тек бір маңызды көрсеткіш – жіберілген голдар саны бойынша ғана қалып келеді.

Каталониялықтар өз қақпасына 12 гол жіберсе, мадридтіктер небәрі 8 доп өткізген.

Дегенмен «Барселона» қорғаныстағы кемшіліктерін шабуылдағы жоғары нәтижелілігімен толық өтеп отыр. Маусым басталғалы «Барса» Ла Лигада қарсыластарының қақпасына 46 гол соққан. Бұл – әр матчқа орта есеппен төрт голдан астам көрсеткіш. Ал «Атлетиконың» еншісінде 22 гол бар.

Әрине, «Барселона» басқа да негізгі статистикалық көрсеткіштер бойынша қарсыласынан басым.

Каталониялықтар бір матчта орта есеппен қақпаға 20 соққы жасаса, мадридтіктерде бұл көрсеткіш – 16,73. Қақпаға дәл бағытталған соққылар саны бойынша да «Барса» алда – 8,09 және 6,09.

Бұрыштама доптар көрсеткішінде де каталониялықтардың басымдығы байқалады – 6,82 және 5,73.

Ал допқа иелік ету жағынан «Барселонаның» артықшылығы тіпті айқын: 69,91 пайызға қарсы 59,09 пайыз.

Ойын тәртібі

«Атлетико» «Барселонадан» ереже бұзу және тәртіптік жазалар саны бойынша алда.

Мадридтіктер бір матчта орта есеппен 11,45 рет ереже бұзса, каталониялықтарда бұл көрсеткіш – 10,55.

Сары қағаз саны бойынша да «Атлетико» алда – 2,18 және 1,55.

Сонымен қатар мадридтік клубтың бір ойыншысы – Робин Ле Норман қызыл қағаз алып, алаңнан қуылған. Ал «Барселона» сапында мұндай жағдай тіркелмеген.

Өзара кездесулер тарихы

Алдағы ойын екі клуб арасындағы 255-кездесу болмақ.

Бұған дейін өткен 254 матчтың 117-сінде «Барселона» жеңіске жетсе, 80 кездесуде «Атлетико» басым түскен. Қалған 57 ойын тең нәтижемен аяқталған.

Дегенмен соңғы уақытта мадридтік клуб каталониялықтарға жиі қиындық туғызып жүр.

Иә, «Барселона» әлі де жиірек жеңіске жетеді. Бірақ «Атлетико» каталониялықтарды қатарынан екі плей-офф бәсекесінен – Испания кубогы мен Чемпиондар лигасынан шығарып жіберді.

Ал Ла Лигадағы өзара кездесулерге келсек, соңғы он матчтың тек екеуінде ғана «Атлетико» жеңіске жеткен. Қалған сегіз кездесудің барлығында «Барселона» басым түсті.

Қорытынды

Olimpbet сарапшылары Мадридтегі кездесу тартысты әрі нәтижелі өтіп, жанкүйерлерге нағыз футбол мерекесін сыйлайды деп есептейді. Олардың болжамынша, матчта гол көп соғылып, жалпы гол саны жоғары болады.

Сондай-ақ сарапшылар қонақтардың кемінде екі гол соғатынына сенімді.

Ал гол соғуға ең басты үміткер ретінде «Барселонаның» бразилиялық шабуылдаушы жартылай қорғаушысы, Испания чемпионатының 2026/27 жылғы маусымындағы үздік сұрмергені Рафинья аталып отыр.

Англия. Премьер-лига. 10-тур.

«Манчестер Юнайтед» – «Астон Вилла». 8 қараша, 21:30.

Ағылшын Премьер-лигасында жексенбі кешіндегі басты назар «Олд Траффорд» стадионында өтетін «Манчестер Юнайтед» пен «Астон Вилла» арасындағы кездесуге ауады.

Olimpbet сарапшылары бұл матчта алаң иелеріне айтарлықтай басымдық беріп отыр. Олардың пікірінше, манчестерлік клуб Бирмингемнен келген қарсыласының қақпасына кемінде екі гол соғуға қауқарлы.

Турнирлік жағдай және соңғы матчтар

Екі команда Премьер-лиганың турнирлік кестесінде бір-бірінен алыс орналаспаған. Алайда олардың қазіргі орындары екі клубтың да жанкүйерлерін қуанта қоймайтыны анық.

Дегенмен «Астон Вилла» жағдайын біртіндеп түзеп келеді. Бирмингемдік клуб АПЛ-дегі соңғы бес матчында бірде-бір рет жеңілген жоқ.

Ал «Манчестер Юнайтедтің» жағдайы әлдеқайда күрделі. «Қызыл сойқандар» маусым басталғалы өткен тоғыз турда небәрі бір жеңіске қол жеткізген.

Соған қарамастан, осы аптаның ортасында Чемпиондар лигасында екі команда мүлде қарама-қайшы нәтижеге қол жеткізді.

«Манчестер Юнайтед» «Романы» 3:2 есебімен жеңіп, мінез көрсетті. Ал «Астон Вилла» «Барселонадан» 0:3 есебімен ойсырай ұтылды.

Статистика

Екі команда да ішкі чемпионатта гол соғуда айтарлықтай қиындық көріп жүр. Манчестерлік және бирмингемдік клубтардың еншісінде бірдей – 10 голдан бар.

Екі команданың да соғылған және жіберілген голдар айырмасы теріс көрсеткішке ие. «Манчестер Юнайтед» өз қақпасына 15 гол жіберсе, «Астон Вилла» 13 доп өткізген.

Ал өзге негізгі статистикалық көрсеткіштер бойынша «Юнайтедтің» басымдығы айқын байқалады.

Манчестерлік футболшылар бір матчта орта есеппен қақпаға 18,33 соққы жасайды. «Астон Виллада» бұл көрсеткіш – 11,89.

Қақпаға дәл бағытталған соққылар саны бойынша да «қызыл сойқандар» алда – 4,78 және 3.

Бұрыштама доптар көрсеткішінде де айырмашылық едәуір: 6,11 және 3,67.

Допқа иелік ету жағынан да манчестерліктер басым – 54,33 пайызға қарсы 45,89 пайыз.

Өзара кездесулер тарихы

«Манчестер Юнайтед» пен «Астон Вилла» арасындағы тарихи текетіресте «қызыл сойқандардың» басымдығы айқын. Манчестерлік клуб қарсыласын 108 рет жеңген. Ал «Астон Вилла» 53 кездесуде басым түссе, тағы 43 матч тең аяқталған.

«Астон Вилла» үшін «Армандар театры» атанған «Олд Траффордтағы» статистика тіпті көңіл көншітпейді. Бирмингемдік команда осы стадионда өткен соңғы алты кездесудің барлығында жеңіліс тапқан.

Командалардың құрамы

Екі команданың да жарақат алған футболшылары көп. Оның үстіне, қос клубтың да бір-бір ойыншысы дисквалификацияға байланысты алдағы матчқа қатыса алмайды.

«Манчестер Юнайтедтің» бапкерлер штабы «Челсиге» қарсы кездесуде алаңнан қуылған орталық қорғаушы Лисандро Мартинестің көмегіне жүгіне алмайды.

Ал «Астон Вилла» сапында қорғаныстың негізгі тіректерінің бірі Мэтти Кэш алаңға шықпайды. Ол чемпионат басталғалы бес сары қағаз жинап үлгерген.

Қорытынды

Olimpbet сарапшылары бұл кездесуде есепті алаң иелері ашады деген пікірде. Оның үстіне, «Манчестер Юнайтед» алғашқы голын бірінші тайм аяқталғанға дейін соғуы әбден мүмкін.

Сондай-ақ матчта бұрыштама доптар саны көп болады деп күтілуде. Сарапшылардың болжамынша, командалар кемінде он бұрыштама орындайды. Бұл көрсеткіш бойынша да «қызыл сойқандарға» айтарлықтай басымдық беріліп отыр.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам