Эрлинг Холанд мансабында екінші рет Golden Player сыйлығын алды

2026 жылы Холанд клубы мен ұлттық құрама сапында нәтижелі ойын өрнегін көрсетті

Getty Images
Getty Images

 «Манчестер Сити» мен Норвегия құрамасының шабуылшысы Эрлинг Холанд Golden Player жеке сыйлығының иегері атанды.

Италиялық Tuttosport басылымы тағайындайтын жыл сайынғы марапаттың жеңімпазы дауыс беру нәтижесі бойынша анықталды. Сыйлық өткен маусымда жоғары деңгейде өнер көрсеткен футболшыға табысталады.

2026 жылы Холанд клубы мен ұлттық құрама сапында нәтижелі ойын өрнегін көрсетті. Ол «Манчестер Сити» мен Норвегия құрамасы үшін өткізген 53 матчта 46 гол соғып, бес нәтижелі пас берген.

Ағылшын клубымен бірге шабуылшы Англия кубогы мен Лига кубогын жеңіп алды. Сондай-ақ Премьер-лиганың үздік сұрмергені атанып, қарсыластар қақпасына 27 гол соқты. 2026 жылғы әлем чемпионатында да бес рет мергендік танытты.

Айта кетейік, Холанд Golden Player сыйлығын екінші рет иеленіп отыр. Ол алғаш рет бұл марапатқа 2023 жылы қол жеткізген.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам