Португалия құрамасы Роналду кеткеннен кейін жетінші нөмірдің дизайнын өзгертті

Бұл өзгеріс Роналдуға деген құрметтің белгісі ретінде жасалған

әлеуметтік желі
әлеуметтік желі

Португалия ұлттық құрамасы Криштиану Роналду мансабын аяқтағаннан кейін футболшылардың жейдесіндегі жетінші нөмірдің дизайнын жаңартты. Бұл туралы ұлттық құраманың баспасөз қызметі хабарлады.

Еске салайық, 5 қарашада 41 жастағы шабуылшы Португалия құрамасындағы мансабын аяқтайтынын мәлімдеген еді. Ол ұлттық команда сапында жетінші нөмірмен өнер көрсетті.

Жаңа дизайнда жеті санының қарпі өзгертіліп, ортасына шағын сызық қосылған. Бұл өзгеріс Роналдуға деген құрметтің белгісі ретінде жасалған.

«Жаңа жетінші нөмірдің дебют жасайтын уақыты келді. Өйткені мәңгілік болып қалатын тағы бір жетінші нөмір бар», – делінген құраманың мәлімдемесінде.

Криштиану Роналду Португалия құрамасы сапында 234 матч өткізіп, 146 гол соққан. Ол Еуропа чемпионы атанып, Ұлттар лигасын екі рет жеңіп алды.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам