Португалия құрамасы Роналдуға құрмет көрсетіп, алаңға 7-нөмірлі жейде киіп шықты

Ойыншылар алаңға жетінші нөмірлі жейдемен шықты

әлеуметтік желі
әлеуметтік желі

Португалия құрамасының футболшылары УЕФА Ұлттар лигасы аясында Данияға қарсы матч алдында ұлттық команданың бұрынғы капитаны Криштиану Роналдуға құрмет көрсетті. Ойыншылар алаңға жетінші нөмірлі жейдемен шықты.

Брага қаласындағы «Муниципал-ди-Брага» стадионында өткен бұл шараға жанкүйерлер де қосылды. Кездесудің жетінші минутында олар Роналдуға қол соғып, ал стадионның үлкен экранынан «Рақмет, капитан!» деген жазу көрсетілді.

Данияға қарсы ойын Португалия құрамасы үшін шабуылшы ұлттық құрама сапындағы мансабын аяқтағаннан кейінгі алғашқы кездесу болды.

Айта кетейік, Криштиану Роналду ұлттық құрамадағы дебютін 2003 жылы Қазақстанға қарсы жолдастық кездесуде өткізген. Содан бері Португалия сапында 234 матчқа қатысып, 146 гол соққан. Ол 2016 жылы Еуропа чемпионы атанып, Ұлттар лигасын екі рет жеңіп алды.

Топтық кезеңнің соңғы турында Португалия құрамасы сырт алаңда Уэльспен кездеседі. Матч 18 қарашада Қазақстан уақытымен сағат 00:45-те басталады.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам