Футбол аңызы Роналдиньо 46 жасында ресми матч өткізді

Роналдиньо соңғы рет ресми кездесуге 2015 жылдың 26 қыркүйегінде қатысқан

Getty Images
Getty Images

Бразилия футболының аңызы Роналдиньо 11 жылдық үзілістен кейін ресми матчқа қатысып, Италияның «Равенна» клубының сапында алаңға шықты. Ол Италия Серия C чемпионатының 14-туры аясында «Форлиге» қарсы кездесуде өнер көрсетті.

46 жастағы футболшы алаңға негізгі құрамда шықты. Бапкерлер штабының жоспары бойынша, ол матчта шамамен 30 минут ойнауы тиіс болған.

Роналдиньо соңғы рет ресми кездесуге 2015 жылдың 26 қыркүйегінде қатысқан. Ол кезде бразилиялық «Флуминенсе» сапында өнер көрсеткен. Ал 2018 жылдың қаңтарында футболшы кәсіби мансабын аяқтағанын жариялаған еді.

2026 жылдың жазында бразилиялық футболшы Италия чемпионатының үшінші дивизионында өнер көрсететін «Равеннамен» келісімшартқа отырып, клубтың үлесін сатып алған. Команда президенті Иньяцио Чиприани футбол аңызын клубқа шақыруды көптен бергі арманының орындалуы деп бағалаған.

Айта кетейік, Роналдиньо – 2002 жылғы әлем чемпионы және 2005 жылғы «Алтын доп» иегері. Ол кәсіби мансабында 299 гол соққан.

Материалда:

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам