Басына доп тиген 18 жастағы футболшы ауруханада көз жұмды

Аргентинада доп соққысынан кейін 18 жастағы футболшы көз жұмды

X.com
X.com

Аргентинаның «Эсейса» жастар командасының 18 жастағы футболшысы Абель Нуньес матч кезінде басына доп тиіп, ауруханада қайтыс болды.

Қайғылы оқиға Аргентина футбол қауымдастығының (AFA) ұйымдастыруымен өткен жастар арасындағы бесінші дивизион матчында болды. «Эсейса» мен «Депортиво Муньис» командалары кездескен сәтте Абель Нуньестің басына доп тиген.

Футболшыға алаңда алғашқы медициналық көмек көрсетіліп, кейін ауруханаға жеткізілді. Дәрігерлер оған ота жасағанымен, спортшының жағдайы жақсармаған. 15 қараша, жексенбі күні ол көз жұмды.

Аргентина футбол қауымдастығының президенті Клаудио Тапия да футболшының қайтыс болуына байланысты көңіл айтты.

«Абель Нуньестің дүниеден өткенін терең қайғымен қабылдадық. Осы қиын сәтте оның отбасына, достары мен жақындарына шын жүректен көңіл айтамын. Жаның жәннатта болсын, Абель», – деп жазды ол әлеуметтік желідегі парақшасында.

«Эсейса» клубы да марқұмның отбасына көңіл айтып, жан-жақты қолдау көрсететінін мәлімдеді. Клубтың хабарлауынша, Абель команда үшін маңызды ойыншы болған және ұжымның жадында мәңгі сақталады.

Материалда:

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам