11 жылдық үзілістен кейін Роналдиньо Италияның C сериясындағы «Равенна» клубында мансабын қайта жалғастырды
46 жасында үлкен футболға қайта оралып, алғашқы ойынында командасымен бірге жеңіске жеткен бразилиялық шабуылшы Роналдиньо өз жанкүйерлеріне ыстық ықыласын білдірді.
Еске салайық, 11 жылдық үзілістен кейін Роналдиньо Италияның C сериясындағы «Равенна» клубында мансабын қайта жалғастырды. 15 қарашада ол «Форли» клубына қарсы матчта алаңға шығып, бірінші тайм толық ойнады және есептің ашылуына өз үлесін қосты. Нәтижесінде бразилиялықтың клубы 2:0 есебімен жеңіске жетті.
Осы ойыннан кейін Роналдиньо өз жанкүйерлері мен қолдау көрсеткен әріптестеріне алғысын айтты.
«Ресми матчта қайта алаңға ыққаныма өте қуаныштымын… Мен бірнеше жыл демалдым, бірақ енді қайта оралатын сәт туды. Әзіл әзілімен, бірақ командаластармен жанкүйерге толы стадионда өнер көрсету ерекше ләззат сыйлады. Бұл менің өмірімдегі ең керемет, әсерлі шақтардың бірі деп айта аламын.
Мен әлі ешкім бағындырмаған жаңа биікті бағындырғанды жақсы көретінімді білесіздер. Адреналин, алаңдағы шөптің иісі, доппен ойнау – бұл ерекше сезім. Маған сеніп, арманымның орындалуына көмектескен достарым Лоренцо, Игнасио және Джузеппе Чиприаниге, сондай-ақ «Равенна» командасына түгел рахметімді айтамын. Біз Италияны және бүкіл әлемді бағындыруға жұмысты жалғастырамыз. Біз дұрыс жолдамыз, мен сенімдімін.
Осы матчқа келген, мені қолдаған барлық жанкүйерге алғысым шексіз. Қайта кездескенше, менің жаңа отбасым», - деп жазды Роналдиньо әлеуметтік желідегі парақшасында.
Даңқты футболшы 2015 жылдан бастап футбол ойнауды қойса, 2018 жылы мұны ресми мәлімдеді. 2020 жылы Парагвайға барып, жалған паспортпен ұсталып, 32 тәулік түрмеде жатты.