Футболдан Бразилия құрамасы жолдастық кездесуде Сингапурды 7:0 есебімен ойсырата жеңді. «Реалдың» жұлдызды шабуылшысы Винисиус Жуниор үш гол соғып, хет-трик авторы атанды.
Матч Сингапур қаласында өтті. Бірінші таймда Бразилия төрт гол соқса, қалған 45 минутта қарсылас қақпасына тағы үш доп кірді. Винисиус 9, 15 және 21-минутта көзге түссе, 31-минутта Эндрик қанжығасын майлады. Ал, 42-минутта Эстеваоның соққан голын төреші есепке алған жоқ.
Соған қарамастан 51-минутта Эстевао бәрібір гол соқты. Ал, 65-минутта Райан есепті 6:0-ге жеткізсе, 74-минутта Рауль Сухаими матч нүктесін қойды.
Айта кету керек, осының алдында ғана Бразилия құрамасы дәл осы Сингапурде Жапониямен жолдастық кездесу өткізіп, 2:3 есебімен жеңіліп қалған болатын.