Рамазан Оразов «Елімайда» тағы үш жыл ойнайтын болды

Рамазан Оразов «Елімаймен» келісімшартын 2029 жылға дейін ұзартты

instagram.com/ramazanorazov
instagram.com/ramazanorazov

Семейдің «Елімай» футбол клубы Қазақстан ұлттық құрамасының жартылай қорғаушысы Рамазан Оразовпен келісімшартты 2029 жылға дейін ұзартты.

28 жастағы футболшы аяқталған маусымда алаңда 1971 минут өткізіп, бес гол мен бес нәтижелі пас авторы атанды.

Бұған дейін Рамазан Оразов мансабында Данияның «Силькеборг», Словенияның «Копер», Ресейдің «Чайка» және Латвияның «Даугавпилс» клубтарында өнер көрсеткен.

Айта кетейік, 16 қарашада «Елімай» клубы жаңа бас бапкерін таныстырды. Команданы бұған дейін «Абердиннің» жаттықтырушылар штабында жұмыс істеген 43 жастағы шотландиялық маман Питер Левен басқарды.

Қазақстан Премьер-лигасының 2026 жылғы маусымында семейлік ұжым 30 турда 45 ұпай жинап, турнир кестесінде алтыншы орынға тұрақтады.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам