Португалия Ұлттар лигасындағы соңғы ойында камбэк жасап, жеңіске жетті

Соңғы үш матчта командада Криштиану Роналду ойнаған жоқ

Dan Istitene/Getty Images
Dan Istitene/Getty Images

A лигасының 4-тобында өнер көрсеткен Португалия құрамасы топтық кезеңнің соңғы ойынында Уэльске қонаққа барып, 3:2 есебімен жеңіске жетті.

Матчтағы есепті португалдықтар ашты, 11-минутта Бруно Фернандеш Жоау Невештің пасына бірінші жетіп, қанжығасын майлаған. Алайда, алаң иелерінің жауабы көп күттірген жоқ. Арада небәрі екі минут өткенде Дэвид Брукс есепті теңестірсе, 40-минутта Сорба Томас Уэльсті алға шығарды. Ал, 43-минутта Педру Нету таразы басын теңестіріп кетті.

Екінші таймда жалғыз гол соғылды. 70-минутта Карлуш Форбш бірнеше қорғаушыдан айласын асырып, Данни Уорд күзеткен қақпадан саңлау тапты. 74-минутта қонақтар сапынан Педру Нету қатарынан екі сары қағаз алып, алаңнан қуылған. Алайда, Уэльс ойыншылары сан басымдығын пайдалана алған жоқ.

Еске салайық, бұған дейін Португалия өз алаңында Даниямен кездесіп, 1:4 есебімен жеңіліп қалған болатын. Соған қарамастан, 6 ойыннан кейін 15 ұпай жинаған Жезуш шәкірттері топта бірінші орын алып, Ұлттар лигасының ширек финалына шықты.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам