Аргентина жолдастық кездесуде Коста-Риканы 7:0 есебімен ойсырата жеңді

Бұған дейінгі жолдастық кездесуде Аргентина құрамасы Уругвайдан жеңіліп қалған болатын

Reuters
Reuters

Футболдан Аргентина құрамасы Коста-Рикамен жолдастық кездесу өткізіп, 7:0 есебімен ойсырата жеңді. Николас Пас пен Хулиан Альварес және Франко Мастонтуоно дубльмен көзге түссе, Алексис Мак Алистер бір голдың авторы атанды.

Бірінші таймда аргентиналықтар қарсылас қақпасына төрт бірдей гол соқты. 8 және 39-минутта Николас Пас, 35 және 43-минутта Хулиан Альварес дәл соққысымен көзге түсті.

Әлемнің экс-чемпиондары екінші таймда да қарсыласқа доп берген жоқ. 48-минутта Франко Мастантуоно есепті 5:0-ге жеткізсе, 78-минутта Алексис Мак Алистер қанжығасын бір голмен майлады. Ал, матч аяқталар тұста – 89-минутта тағы сол Мастантуоно Джулиано Симеоне берген пасты голға айналдырды.

Еске салайық, бұған дейінгі жолдастық кездесуде Аргентина құрамасы Уругвайдан жеңіліп қалған болатын (1:2).

Материалда:

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам