«Челси» қазақстандық футболшыға жаңа клуб іздеуге кірісе ме?
УЕФА регламенті бойынша әр жеңіске 400 мың, тең ойынға 133 мың еуро беріледі
Швециялық «Мьельбюден» басым түскен «Қайрат» тарихи жетістікке жетіп қана қоймай, қомақты сыйақыға да кенелді.
Конференция лигасының жалпы кезеңіндегі 4-турдағы жеңісі үшін УЕФА отандық клубқа 400 мың еуро (шамамен 201 млн теңге) төлейді.
26 қарашада Алматыда өткен матчта 14-минутта Еркін Тапалов жеңіс голын соқты, ал қақпашы Темірлан Анарбеков жеті соққыны қайтарып, ойын қаһарманы атанды. Бұл — «Қайраттың» еурокубок негізгі кезеңіндегі алғашқы жеңісі.
УЕФА регламенті бойынша әр жеңіске 400 мың, тең ойынға 133 мың еуро беріледі. Бұған дейін «Рига» (1:1) және «Аталантамен» (1:1) тең түскен алматылықтар төрт турда тек матч нәтижелері үшін 666 мың еуро (шамамен 334 млн теңге) табыс тапты. Бұл сомаға турнирге қатысу төлемдері мен өзге бонустар кірмейді.
Қазір 5 ұпай жинаған «Қайрат» кестеде 23-орынға көтеріліп, плей-офф аймағына (үздік 24 клуб қатарына) кірді. Алда румыниялық «Университатя» және нидерландтық «Твенте» клубтарына қарсы соңғы екі тур ойыны бар.