Месси гол соға алмай, «Интер Майами» MLS кубогынан шығып қалды

Telegram WhatsApp

«Интер Майами» турнирдің басты фавориттерінің бірі саналған

Getty Images
Getty Images

Лионель Месси бастаған «Интер Майами» MLS кубогы жолындағы күресті плей-оффтың алғашқы кезеңінде аяқтады. Флорида клубы қарымта кездесуде «Коламбус Крюден» 0:1 есебімен жеңіліп қалды.

Қонақтар сапында негізгі құрамнан шыққан Месси матчты толық өткізгенімен, командасына жеңіс сыйлай алмады. Кездесудегі жалғыз голды 90+2-минутта Сантьяго Родригес соқты.

Осылайша, «Коламбус Крю» екі матчтың қорытындысы бойынша 2:0 есебімен жеңіске жетіп, келесі кезеңге жолдама алды. Ал MLS кубогының қазіргі иегері «Интер Майами» чемпиондық атағын қорғау мүмкіндігінен айырылды. Еске салайық, алғашқы кездесуде Месси бастаған команда өз алаңында 0:3 есебімен жеңілген болатын.

Бір қызығы, плей-офф басталғанға дейін «Интер Майами» турнирдің басты фавориттерінің бірі саналған. Команда тұрақты чемпионатты Шығыс конференциясында 60 ұпаймен екінші орында аяқтады. Ал Лионель Месси 26 гол соғып, 17 нәтижелі пас беріп, MLS-тің үздік сұрмергені атанды.

Ал Шығыс конференциясының тұрақты чемпионатында 47 ұпаймен жетінші орын алған «Коламбус Крю» жартылай финалда «Нью-Инглэнд Революшн» – «Филадельфия Юнион» жұбының жеңімпазымен кездеседі.

Пікірлер

#
Команда
Ұпай
1
Реал Мадрид
15
2
Пари Сен-Жермен
13
3
Комо
12
4
Барселона
12
5
Ливерпуль
12
6
Бетис
12
7
Арсенал
11
8
Манчестер Сити
10
9
Спортинг (Лиссабон)
10
10
Боруссия (Дортмунд)
10
11
Астон Вилла
9
12
Интер
9
1/8 финалПлей-офф
Толық кесте · 36 команда ›