«Челси» қазақстандық футболшыға жаңа клуб іздеуге кірісе ме?
Матчтағы жалғыз голды екінші таймда Джейдон Банел соқты
Дастан Сәтпаев өнер көрсететін «Бернли» Англия чемпионшипінің 18-туры аясында сырт алаңда «Миллуоллды» жеңді. Кездесу 1:0 есебімен аяқталды.
Матчтағы жалғыз голды екінші таймда Джейдон Банел соқты. Оның нәтижелі соққысы «Бернлиге» үш ұпай сыйлады.
Бұл жеңіс Фабио Челестини үшін «Бернли» тізгінін ұстағаннан кейінгі алғашқы табысы болды. Швейцариялық маман командамен өткізген алтыншы матчында жеңіске жетті. Сондай-ақ бұл клубтың биылғы Чемпионшип маусымындағы екінші жеңісі.
Өкінішке қарай, Қазақстан құрамасының шабуылшысы Дастан Сәтпаев бұл кездесуге қатысқан жоқ. Ол бұлшықет жарақатына байланысты әлі де қалпына келу кезеңінен өтіп жатыр. Ағылшындық БАҚ-тың мәліметінше, футболшы әзірге команданың ойын құрамына оралмаған.