Ағылшын футболының алыбы Чемпионшипке түсіп қалуы мүмкін бе?
Нойердің «Бавариямен» келісімшарты келесі жылдың жазында аяқталады
«Бавария» клубының қақпашысы әрі ұзақ жылдар бойы команда капитаны болған Мануэль Нойер осы маусым аяқталғаннан кейін кәсіби мансабын тәмамдауды жоспарлап отырғанын мәлімдеді.
«Менің ойымша, келесі жаздан кейін футбол ойнамаймын. Қазір мансабымның қалған уақытын барынша ләззат алып өткізуге тырысып жүрмін»
Айта кетейік, Нойердің «Бавариямен» келісімшарты келесі жылдың жазында аяқталады. Ол Мюнхен клубына 2011 жылы қосылып, содан бері 607 матчқа қатысқан. Бұл кездесулерде қақпасына 505 гол жіберіп, 273 ойында өз қақпасын голдан аман сақтаған.
40 жастағы қақпашы «Бавариямен» бірге екі рет Чемпиондар лигасын, бір рет УЕФА Суперкубогын жеңіп алған. Сонымен қатар Германияның 13 дүркін чемпионы атанып, ел кубогын жеті рет, Германия Суперкубогын тоғыз рет иеленген.
Нойер – «Бавария» тарихындағы ең жасы үлкен ойыншы әрі клуб сапында ең көп матч өткізген футболшылардың бестігіне кіреді.
Германия құрамасы сапында 128 матч өткізген қақпашы 2014 жылы әлем чемпионы атанды. Сондай-ақ 2009 жылы 21 жасқа дейінгі футболшылар арасындағы Еуропа чемпионатында топ жарды.
Еске салайық, қараша айының басында Нойер жарақат алып, 2026 жылдың соңына дейін алаңға шықпайтыны белгілі болған еді.
Ал Германияның Bild басылымы Нойердің әйелі Аника Биссельмен ажырасқаны туралы ақпарат таратты.
Дереккөздің жазуынша, 40 жастағы қақпашы 23-тегі терапевт қызға ғашық болып, көңілі ауған. Екеуінің байланысы нығая түссе керек, Нойер әйелімен ажырасуға өтінішті өзі жазыпты. Оны тіпті Аника Биссельдің жуырда ғана екінші сәбиін босанғаны тоқтатпаған.