Әлемдегі сексуальный футболшы қыздар. Жаңа шығарылым!

«Атлетико» керемет камбэк арқасында Чемпиондар лигасының ширек финалына шықты (ВИДЕО)

14.03.2024, 10:36

Бұл кезеңге Испанияның үш клубы өтті

«Атлетико» керемет камбэк арқасында Чемпиондар лигасының ширек финалына шықты (ВИДЕО)
Getty Images

Еуропа Чемпиондар лигасының ширек финалына ең соңғы болып Мадридтің «Атлетико» клубы шықты. Қос матчтың қорытынды есебі бойынша «Интерден» 0:2 есебімен жеңіліп тұрған испандық команда керемет камбэк жасап, жарысты жалғастыруға мүмкіндік алып отыр.

Айта кетейік, Миланда өткен алғашқы ойын 1:0 есебімен алаң иелерінің пайдасына аяқталған болатын. Кешегі қарымта матчта да бірінші болып «Интер» есеп ашты. Дегенмен, Антуан Гризман мен Мемфис Депай соққан голдар «Атлетиконы» овертаймға алып шықса, пенальти сериясында Диего Симеоне шәкірттерінің жолы болды.

Осылайша, Чемпиондар лигасының ширек финалында ойнайтын сегіз команданың бәрі анықталды. Олардың үшеуі – испан клубтары («Барселона», «Реал», «Атлетико»). Сондай-ақ, «Арсенал» (Англия),«ПСЖ» (Франция), «Боруссия» Дортмунд (Германия), «Манчестер Сити» (Англия) және «Бавария» (Германия) Еуропа чемпионы болуға таласады.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам