Біздің Telegram-ға жазылсаң, ақша ұта аласың! Сыйақы 5000 теңге! 👉

«Арсенал» 14 жылдан кейін алғаш рет Чемпиондар лигасының ширек финалына шықты

13.03.2024, 04:13

Матч тағдыры пенальти сериясында шешілді

«Арсенал» 14 жылдан кейін алғаш рет Чемпиондар лигасының ширек финалына шықты
David Price / Getty images

Футболдан Еуропа Чемпиондар лигасының ширек финалына шыққан тағы екі команда анықталды. «Барселона» өз алаңында «Наполиді» 3:1 есебімен қиындықсыз жеңсе, «Арсенал» мен «Порту» ширек финал жолдамасын пенальти сериясында сарапқа салды.

Айта кетейік, Португалияда өткен ойында «Порту» 1:0 есебімен жеңіске жеткен болатын. Лондонда «Арсенал» да дәл осындай есеппен қарсыласынан басым түсті. Ойынның 41-минутында Леандро Троссард есеп ашқаннан кейін матч соңына дейін қос команда таблодағы нәтижені өзгерте алған жоқ. 30 минуттық овертаймда да жеңімпаз анықталмады. Ал, пенальти сериясында «Арсенал» қақпашысы Райя екі соққыны қайтарып, командасына жеңіс сыйлады (4:2).

Айта кету керек, «Арсеналй соңғы рет Чемпиондар лигасының ширек финалына осыдан 14 жыл бұрын шыққан.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам