УЕФА құрлық чемпионатының бюджетін жариялады
Қазақстан құрамасы тарихында алғаш рет Еуропа чемпионатына қатысуға бір табан жақын тұр. Магомед Адиев шәкірттері Грекияны жеңіп, Ұлттар лигасының финалында да сүрінбей құрлық біріншілігіне жолдама алса, ірі көлемдегі қаржылай сыйақыға ие болады деп жазды Tengri Sport.
Еуропа футбол қауымдастықтарының одағы Еуро чемпионатына қатысатын құрамаларға төленетін бонустың көлемін бекітті. Ол 2020 жылғы бюджеттен өзгеріссіз қалып отыр.
«Барлығы 331 миллион еуро қаржы бөлініп отыр. Дәл осындай сома 2020 жылғы Еуропа чемпионатында да бөлінген. Ал, 2016 жылғы бюджет бұдан 30 миллионға аз еді», - деп жазылған УЕФА-ның 2023/24 жылғы маусымға арналған бюджеттік құжатында.
УЕФА бұл қаражатты қатысушы командалардың нәтижесіне қарап бөліп береді. Мәселен, әрбір жеңіске 1 млн еуро қарастырылған. Ал, тең ойнаған жағдайда бұл соманы екі командаға теңдей бөліп береді.
Тіпті, топтық кезеңдегі үш матчта да жеңіліп қалған құрамалар да құр қол қайтпай, қомақты бонусқа ие болады. Атап айтқанда, жай ғана чемпионатқа қатысқаны үшін 9,25 млн еуро (4,5 млрд теңге) қарастырылған. Ал, топтан шыққан жағдайда бонустық түсім өсе береді. Атап айтқанда:
Құрама команда топтық кезеңдегі үш ойынды да жеңіп, Еуропа чемпионы атанған жағдайда 28,25 млн еуро бонусқа ие болады.
Еске салайық, Грекия мен Қазақстан арасындағы матч 21 наурызда Афиныда болады.