Шешуші матч 21 наурызда өтеді
Қазақстан футбол федерациясының президенті Әділет Барменқұлов УЕФА Ұлттар лигасының плей-офф кезеңінде Грекиямен өтетін маңызды ойын қарсаңында ұлттық құраманың жаттықтырушылары және ойыншыларымен кездесті.
Жиында Әділет Назарбайұлы ұлттық құрама жігіттерінің соңғы екі жылда бір отбасы болып қалыптасқанын атай өтіп, Қазақстанның халық жазушысы, ақын Қадыр Мырза Әлидің өлеңін арнады:
О, тіршілік!
Не берсең де арнап бер.
Алтын балық ілігетін қармақ бер!
Бақыт бер де,
Бармақтай сол бақытты
Басып тұрар батпандай бір салмақ бер!
Және дос бер, айтқанымызды мақұл дер,
Жүйрік бер де
Соған шыдар тақым бер!
Алдымызда күтіп тұрсын биіктер,
Шапағатты шуағыңды құйып көр.
Абырой мен даңқыңды да аяма,
Және соған майыспайтын иық бер!
Айта кетейік, Грекия – Қазақстан матчы 21 наурызда Афиныда өтеді. Аталған ойынға біздің ұлттық құрама Дубайда дайындық жұмыстарын өткізді.