Алаңда жан тапсырған футболшылар. Жаңа шығарылым!

Қазақстан құрамасы Афиныға келіп жетті (ФОТО)

20.03.2024, 09:20

Бүгін Магомед Адиев пен оның шәкірттері баспасөз мәжілісін өткізеді

Қазақстан құрамасы Афиныға келіп жетті (ФОТО)
Қазақстан футбол федерациясы

Футболдан Қазақстан құрамасы Ұлттар лигасының жартылай финалдық матчын ойнау үшін Грекия астанасы Афиныға келіп жетті.

Айта кетейік, Магомед Адиев шәкірттері аталған ойынға дайындықты Біріккен Араб әмірліктерінде өткізді. Дубайда Түрікменстанмен жолдастық кездесу болып, Қазақстан футболшылары 2:0 есебімен жеңіске жетті.

Ал, бүгін ұлттық құрама Афины қаласында жаттығу жасап, баспасөз мәжілісін өткізеді. Жергілікті уақытпен 21-не кешкі 20:45-те Грекиямен шешуші кездесу болмақ.

Қос команданың қай жеңгені Грузия – Люксембург жұбының жеңгенімен финалда ойнап, Еуропа чемпионатына берілетін жалғыз жолдаманы сарапқа салады.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам