Өзге командаластары оны жұбатты
Футболдан Қазақстан құрамасы Ұлттар лигасының жартылай финалында Грекиядан 0:5 есебімен жеңіліп, Еуропа чемпионатына берілетін жалғыз жолдамадан айрылып қалды. Осы ойыннан кейін жартылай қорғаушы Бақтияр Зайнутдинов көз жасына ерік берді.
Өзге ойыншылардың Бақтиерді жұбатып жатқан сәтін жанкүйерлер бейнекамераға түсіріп, әлеуметтік желіге жүктеген.
Айта кетейік, гректер бірінші таймның өзінде Қазақстан қақпасына төрт гол соқса, екінші таймда Александр Марочкин автоголмен көзге түсті.
Бақтиер Зайнутдинов болса Қазақстан құрамасының Дубайда матч алдында өткізген оқу-жаттығу жиынына қатысқан жоқ. Ол Түркия Суперлигасында «Бешикташ» сапында бірнеше ойын өткізіп келді.