Ермаштың Бразилиядағы оқиғасы: 20 минут картинасыз тікелей эфир жүргізіп, Ұлттық арнаны "құтқарды"

«Бүгін-ақ отставкаға кетер ем»: Магомед Адиев матч соңынан кейін мәлімдеме жасады

22.03.2024, 11:45

Ол жеңіліске бірінші кінәлі адамның өзі екенін мойындады

«Бүгін-ақ отставкаға кетер ем»: Магомед Адиев матч соңынан кейін мәлімдеме жасады
Қазақстан футбол федерациясы

Футболдан Қазақстан құрамасы Грекиядан ойсырай жеңіліп, Еуропа чемпионатына берілетін жолдамадан айрылып қалған соң, бас бапкер Магомед Адиев мәлімдеме жасады.

Оның айтуынша, ойын басталған кезде-ақ, гректер басымдықты бірден қолға алып, толассыз шабуылдаған. Сондай-ақ, қазақстандық футболшылар психологиялық тұрғыда да жеңілген.

«Біз бірінші минуттан-ақ қысым болатынын алдын ала білдік. Қарсы төтеп бере алмадық. Бұл немен байланысты дейсіздер ме? Қарсылас мықты болды. Оның үстіне, психологиялық тұрғыдан да біз қысымға шыдас бере алмадық», - деді ұлттық құраманың бас бапкері.

Ол сондай-ақ, өз шәкірттерінің алаңда өте көп қателескенін мойындады. Мұндай ойынмен жеңіс туралы айтудың өзі ұят дейді ол. Ал, барлық кінә мен жауапкершілікті ол өз мойнына алды.

«Сыншыларға не деп жауап берем? Бізді өте көп мақтады және қолдау көрсетті, сол үшін бәріне разылығымды айтам. Қазақстан мен үшін өте көп жақсылық істеді. Айтылатын барлық сынды тура қабылдаймын, ақталмаймын. Жеңіліске басты кінәлі адам – мен. Бүгін-ақ отставкаға кетер ем. Алайда, федерацияға деген көзқарасыммен бұлай жасай алмайм, яғни мен олармен ақылдаспай өзім шешім қабылдамаймын», - деді Магомед Адиев.

Еске салайық, Қазақстан Грекиядан 0:5 есебімен жеңілді.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам