Қазақстан және Люксембург кездесуі наурыздың 26-нан 27-не қараған түні елорда уақытымен 00:45-те басталады
Футболдан Ұлттар лигасы плей-офф сатысындағы Қазақстан және Люксембург кездесуінде Германия елінен Кристиан Дингерт бастаған төрешілер бригадасы қызмет атқарады, деп хабарлайды sports.kz.
Бас төреші - Кристиан Дингерт. Оған Роберт Кемптер мен Кристиан Дитз көмекшілік жасайды. Қосалқы төреші - люксембургтік Иву Торреш.
Қазақстан және Люксембург кездесуі наурыздың 26-нан 27-не қараған түні елорда уақытымен 00:45-те басталып, «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.
Екі құрама 2024 жылғы Еуропа чемпионаты финалдық сатысына жолдама беретін Ұлттар лигасы плей-офф сатысы жартылай финалында жеңіліп, жарыс жолынан шығып қалды. Бұл жарыста сырт алаңда Люксембург Грузияға 0:2, Қазақстан Грекияға 0:5 есебімен жол берді.