Ермаштың Бразилиядағы оқиғасы: 20 минут картинасыз тікелей эфир жүргізіп, Ұлттық арнаны "құтқарды"

Криштиану Роналду Сауд Арабиясының ең нашар шабуылшысы атанды

26.03.2024, 13:18
Криштиану Роналду Сауд Арабиясының ең нашар шабуылшысы атанды
Фото: AFP

Португалия құрамасының жұлдызды шабуылшысы Криштиану Роналду маңызды көрсеткіштердің бірі бойынша Сауд Арабиясы чемпионатындағы ең нашар футболшы атанды.

Sofascore мәліметі бойынша, португалиялық Сауд Арабия лигасында бір маусымда жіберіп алған мүмкіндіктер саны бойынша көш бастап тұр. Атап айтқанда, Роналду 20 гол соғатын мүмкіндікті жіберіп алған.

Бұл көрсеткіш бойынша Криштианудан кейінгі екінші орында 19 мүмкіндігін жіберіп алған «Аль-Хилал» шабуылшысы Александр Митрович. Үздік үштікті «Әл-Иттифақ» шабуылшысы Мусса Дембеле 15 жіберіп алған мүмкіндікпен түйіндеп тұр.

Сонымен қатар, Роналду Сауд Арабиясы чемпионатының осы маусымдағы үздік сұрмергені – 22 матчта 23 гол.

Жалпы осы маусымда Роналду «Аль-Наср» сапында барлық жарыстарда 36 матч өткізіп, 34 гол соғып, 11 нәтижелі пас берген.

Футболдан әлемнің ең қызықты чемпионаттарын, соның ішінде Испания, Италия, Германия және Франция біріншілігін FONBET өз клиенттері үшін тегін көрсетеді. Егер тіркелмеген болсаңыз, қазір уақыты келді: 1bol промокоды арқылы тіркелген жаңа клиенттің әрбіріне 200 000 теңге бонус беріледі.
http://www.fonbet.kz/s/gAiU3i

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам