Алаңда жан тапсырған футболшылар. Жаңа шығарылым!

«Қызылжар» клубына 65 жастағы Николай Панин директор болды

26.03.2024, 14:14

Ол – еліміздегі ең үздік футбол менеджерлерінің бірі

«Қызылжар» клубына 65 жастағы Николай Панин директор болды
Фото: fcqyzyljar

Жақында Петропавлдың «Қызылжар» футбол клубы атақты қақпашы Давид Лорияның әкесі Григорий Лорияны директор қызметінен алып тастаған болатын. Бүгін клубқа жаңа басшы тағайындалды

Енді Солтүстік Қазақстан облысының бас командасын 65 жастағы Николай Панин басқарады. Ол бұған дейін солтүстік өңірлердегі клубтардың тізгінін ұстаған.

Атап айтсақ, «Оқжетпес», «Тобыл» клубтарында директор болған. 2021 жылы «Тобыл» ел чемпионы атанғанда жылдың үздік менеджері атанған.

Ал бұған дейін директор Григорий Лория клубты 2014 жылдан бері басқарды. Ол қызметінен туған күнін атап өткен күні алынып тасталды.

Материалда:

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам