Биыл Еуропа грандтарының көбі бапкер ауыстырмақшы
Мюнхеннің «Бавариясы» жаңа маусымға әлі бапкер іздеп жатыр. Команданы жаттықтырып жатқан неміс маманы Томас Тухель жазда қызметтен кететінін мәлімдеген болатын.
TZ басылымының жазуынша, клуб басшылығы қазір «Астон Вилла» бапкері Унаи Эмеридің кандидатурасын қарастырып жатқан көрінеді. Ол бұған дейін «Спартак», «ПСЖ» және «Вильярреалды» жаттықтырып, айтарлықтай оң нәтижеге қол жеткізген.
Айта кету керек, «Бавария» басшыларының негізгі мақсаты – Хаби Алонсомен контракт жасау. «Байерде» жұмыс істеп жүрген испан маманына қазір «Ливерпуль» де көз салып отыр. Сондықтан, оған қол жеткізу мүмкіндігі 50/50 деңгейінде.