Ермаштың Бразилиядағы оқиғасы: 20 минут картинасыз тікелей эфир жүргізіп, Ұлттық арнаны "құтқарды"

Премьер-лигаға биыл қосылған «Елімай» бірнеше дүркін ел чемпионын жеңіп сенсация жасады

31.03.2024, 20:19

Қос команданың негізгі құрамында бірде-бір қазақ ойыншысы болған жоқ

Премьер-лигаға биыл қосылған «Елімай» бірнеше дүркін ел чемпионын жеңіп сенсация жасады
instagram.com/fc_elimai/

Футболдан Қазақстан чемпионатының үшінші турында «Астана» өз алаңында Семейдің «Елімайын» қабылдап, 0:1 есебімен жеңіліп қалды.

Алғашқы екі турда да жеңіске жеткен астаналық команда осылайша ұпай жоғалтып отыр. Ойындағы жалғыз гол матч аяқталар тұста (88-минут) қақпаға кірді. Мергендігімен көзге түскен – Роман Мұртазаев.

Айта кету керек, екінші таймды «Астана» командасы 10 ойыншымен өткізді. 58-минутта қорғаушы Алексей Аманович «Елімай» ойыншысы Корнетті шалып құлатқаны үшін төрешіден қызыл қағаз алып, алаңнан қуылған.

Айта кету керек, алаңға бірінші минутта шыққан 22 ойыншының қатарында бірде-бір қазақ ойыншысы болған жоқ. Бұл өз кезегінде әлеуметтік желіде қайтарлықтай резонанс тудырды.

Материалда:

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам