Шавкат бейнеленген ресми UFC мерчін алуға асық

«Ордабасы» масқара болды: клуб басшылары матчқа блогерлерді кіргізбей қойған

01.04.2024, 14:57

Мұнан кейін клуб қызметкері жұмыстан кететінін мәлімдеді

«Ордабасы» масқара болды: клуб басшылары матчқа блогерлерді кіргізбей қойған
Ордабасы ФК

Футболдан Қазақстан Премьер-лигасының үшінші турында ел чемпионы «Ордабасы» өз алаңында Алматының «Қайратын» қабылдап, 0:2 есебімен жеңіліп қалды. Жеңілгені өз алдына, клуб басшылары команданы қолдауға келген медиа өкілдерін стадионға кіргізбей қойған. Бұл туралы танымал блогер Арман Пірманов мәлімдеді.

Пірмановтың өзі «Ордабасы» клубында қатар жұмыс істейді. Ол «Қайратпен» болатын матч алдында басшылыққа кіріп, командағы ақпараттық қолдау көрсету үшін «Алтыбақан family» медиа-командасын кіргізуді сұрапты. Басшылық рұқсат берген. Алайда, ойынға келген блогерлерді кіргізбей, «командаға пиардың қажеті жоқ» деп қысқа қайырыпты.

«Біз бір күн бұрын аккредитацияға тізім тапсырдық. Олар ертеңге дейін бәрі дайын болады деді. Ертесіне келсек бізді кіргізбей, «Ордабасыға реклама керек емес, біз онсыз да дамығанбыз» деп айтып отыр. Мен өзім «Ордабасыда» жұмыс істеймін, осы жайттан кейін енді жұмыстан шығып кететін шығармын», - деді Арман Пірманов өзінің Instagram-парақшасында.

Әлемдік гранд-командалардың өзі жарнамаға мұқтаж кезде шымкенттік клубтың бұлай деуі ақылға қонымсыз деп ренжіді жергілікті блогер.

«Мен еліміздегі ең танымал ютуберлерді алып келдім, олар өз каналдарында, әлеуметтік желідегі парақшаларында тегін жарнамалауға көнді. Осындай азаматтардың бәрін жинап алып келгенде біз стадионға бір-ақ минутқа кіре алдық, сосын бәрін шығарып жіберді. Бұл масқара!» - дейді спорт блогері.

Ол тек «Ордабасы» ғана емес, еліміздің барлық клубтарын медиаға көп көңіл бөлуге шақырды. Өйткені, қазақстандық футбол командаларына дәл осы бағыт ақсап тұр дейді. 

Материалда:

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам