Аргентиналық даңқты футболшының командасы жеңіліп қалды
Мексикалық «Монтеррей» клубы бас бапкерінің көмекшісі Нико Санчес «Интер Майами» клубының аргентиналық шабуылшысы Лионель Мессиді ауыр айыптады деп жазады The Guardian.
Айта кетейік, КОНКАКАФ турнирінің 1/4 финалында «Интер Майами» мен «Монтерей» клубтары кездесіп, мексикалық команда 2:1 есебімен жеңіске жетті. Ойыннан кейін «Интер Майамидің» бас бапкері Херардо Мартино және Месси, Луис Суарес, Жорди Альба бірігіп, гватемалалық төрешіге наразылығын білдірді. Осы сәтте әңгімеге Санчес араласып, Мессиді «сайтанға ұқсайтын, ішіне жын кірген қортық» деп балағаттады.
Араға біраз уақыт салып Санчес Мартинодан кешірім сұрап, артық кеткенін мойындаған. Алайда, Мессиге қатысты мұндай әрекет жасаған жоқ.