Қазақстанда футбол деңгейі нөл. Айболдың “крышасы” кім? Шалдар, кетіңдер!

«Оқжетпестегі» футбол легионерлері айына 7 млн теңге жалақы алып келген

10.04.2024, 10:49

Бұл шамадан үш есе көп дейді Антикор өкілдері

«Оқжетпестегі» футбол легионерлері айына 7 млн теңге жалақы алып келген
Оқжетпес ФК

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Ақмола облысының спорт саласындағы бірқатар былықтың бетін ашты. Атап айтқанда, жалған дипломмен жұмыс істегендер, шамадан артық жалақы алатындар және жарыстар мен оқу-жаттығу жиынына келетін бөтен адамдар туралы фактілер белгілі болып отыр.

Бұл туралы BaigeNews.kz агенттігі хабарлады.

Еліміздің спорт саласындағы жемқорлық деректерін тексеруді Антикор былтыр желтоқсан айынан бастаған. Ақмола облысын тексерген сәтте мамандар жалған диплом жасаудың 22 фактісін анықтапты. Мұндай құжаты бар бапкерлердің бірі тіпті облыстың бас бапкері деген қызметке де тағайындалған.

«Облыстағы бас бапкерлердің бірі «Туризм менеджері» деген дипломына «Спорт және туризм менеджері» деп қолымен жазып алған. Осылайша ол спорт саласында заңсыз жұмыс істеп, мемлекет қазынасына миллиондаған шығын келтірлі», - делінген аталған хабарламада.

Бұл аздай, облыстың басты футбол клубы саналатын «Оқжетпесте» шетелдік легионерлерге жалақыны шамадан үш есе көп беріп келген. Соған қарамастан, клубтың ойын нәтижесі жақсармаған.

«Бюджет қаражатын мақсатсыз жұмсау деректері де тіркелді. Мәселен, «Оқжетпес» футбол клубының бапкерлері мен шетелдік легионерлеріне 7 миллион теңгеге дейінгі жалақы берілген. Ал, Үкіметтің бұйрығына сәйкес, легионерлерге 2 миллион теңгеден артық жалақы беруге болмайды. Осындай ірі көлемдегі шығынға қарамастан футбол клубы ешқандай нітиежеге жете алмады», - деді Антикор өкілі.

Шетелге спортшыларды оқу-жаттығу жиынына апаратын кезде де айтарлықтай заңбұзушылықтар тіркелген. Мәселен, ережеге сәйкес, шетелдік ООЖ-да спортшылар 21 күннен артық болмауы тиіс. Алайда, Ақмола облысының спорттық командалары 40 күнге дейін шетелде жүрген. Ол аздай, спортқа мүлдем қатысы жоқ адамдар да осы оқу-жаттығу жиындарына барған.

Тексеру жұмыстары әлі жалғасып жатқандықтан аталған заңсыздықтарға байланысты қабылданатын шешімдер енді белгілі болады.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам