Ермаштың Бразилиядағы оқиғасы: 20 минут картинасыз тікелей эфир жүргізіп, Ұлттық арнаны "құтқарды"

Бабаян «Тобылдан» әзірбайжандық қақпашының кетуіне ұлтаралық мәселе себеп болғанын айтты

11.04.2024, 08:26

Бұл оқиға 2020 жылы болған

Бабаян «Тобылдан» әзірбайжандық қақпашының кетуіне ұлтаралық мәселе себеп болғанын айтты
Астана ФК

«Тобылдың» әзірбайжандық қақпашысы Эмиль Балаев командаға бас бапкер болып Григорий Бабаян тағайындалған кезде клубтан кету туралы шешім қабылдаған. Артынша мұның басты себебі – бапкердің ұлтына байланысты деген сыбыс бірден тарады. Осы ретте журналистер мән-жайды Бабаянның өзінен сұрап білді.

– Эмиль Балаевтің «Тобыл» сапынан ұлты армян бапкермен жұмыс істемес үшін кеткені қаншалықты рас?

– Бұл тақырып мен «Тобылға» бас бапкер болып тағайындалмас бұрын БАҚ-та талқыланып жатқан. Ұлтаралық мәселе көтеріліп жатыр. Команда тізгінінін қолға алғанда мен Эмильге: «Қазақстанда әзербайжандық достарым өте көп. Біздің елде бәрі бір-біріне мейіріммен, дос ретінде қарайды. Бізді Қазақстан халқы жылы қабылдаған, қазақтар өмір сүру үшін барлық жағдайды жасады. Атам 1930 жылдары Қазақстанға келген. Біз бұл жақта ұлтқа бөлінбейміз. Егер сен қалсаң, арада ешқандай мәселе болмайды. Мен ойыншыны футболдағы қабілеті бойынша ғана бағалаймын. Бұл жерде шешімді өзің қабылдайсың. Қақпашы ретінде көңілімнен шығасың» дедім. Сондықтан бұл тек Эмильдің шешімі. Оған қысым көп болды. Себебі Әзербайжанда бұл жайтқа қатысты көзқарас бөлек», - дейді Бабаян.

Естеріңізге сала кетейік, Бабаян «Тобылда» 2020 жылдың басынан бастап 2021 жылдың жазына дейін бас бапкер болды. Ал, Эмиль Балаев қостанайлықтар жейдесімен 2019 жылдан бері өнер көрсетіп, Бабаянның тағайындалуынан соң клубтан кетті.

Айта кетейік, Әзірбайжан мен Армения арасында Таулы Қарабақ үшін қарулы қақтығыстар бірнеше рет болған. Екі тараптан да қаза тапқандар саны мыңдап есептеледі. Жер дауы екі ел мен ұлт арасына сызат түсірген.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам