Біздің Telegram-ға жазылсаң, ақша ұта аласың! Сыйақы 5000 теңге! 👉

Магомед Адиевтің командасы «Балтикадан» 1:7 есебімен ойсырай жеңілді

13.04.2024, 21:00

«Ахмат» турнир кестесінің 14-сатысында келеді

Магомед Адиевтің командасы «Балтикадан» 1:7 есебімен ойсырай жеңілді
Ахмат ФК

Футболдан Қазақстан құрамасының бас бапкері Магомед Адиев жаттықтыратын Грозныйдың «Ахмат» клубы Ресей Премьер-лигасында «Балтикадан» 1:7 есебімен ойсырай жеңілді.

Матч Шешенстан астанасындағы «Ахмат Аренада» өтті. Бұл есеп «Ахмат» тарихындағы ең ірі жеңіліс есебі ретінде тіркеліп отыр.

«Балтика» сапынан Анхело Энрикес хет-трик авторы атанса, Юрий Ковалёв, Виталий Лисакович және Максим Кузьмин бір-бір голдан соқты. Ал, «Ахмат» тарапынан жауап қайтарған – Светослав Ковачев.

Айта кетейік, Грозныйдың клубын өткен аптада Қазақстан құрамасының бас бапкері Магомед Адиев өз қолына алған еді. Маман екі ұжымды қатар алып жүрмек. 

Футболдан әлемнің ең қызықты чемпионаттарын, соның ішінде Испания, Италия, Германия және Франция біріншілігін FONBET өз клиенттері үшін тегін көрсетеді. Егер тіркелмеген болсаңыз, қазір уақыты келді: 1bol промокоды арқылы тіркелген жаңа клиенттің әрбіріне 200 000 теңге бонус беріледі.
http://www.fonbet.kz/s/gAiU3i

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам