Ақтөбелік жанкүйерлер де ұтымды жауап қайтарды
«Қайрат» пен «Ақтөбе» ойыны үнемі жанкүйерлердің қызуқанды әрекеттерімен аяқталып жататын. Бұл жолы да Аоматыдағы матч тып-тыныш өтті деп айта алмаймыз. Жанкүйерлер төбелеспесе де бірін-бірі өткір сөздермен мұқатты.
Матч алдында «Қайрат» жанкүйерлері «Тау мен төбе тең емес» деген баннер жасап стадионға келді.
Ал ойыннан кейін «Ақтөбенің» ресми аккаунты марқұм Табылды Досымовтың атақты «Қыр баласы тауға қарап өспейді, Қыр баласы қол созады аспанға» өлеңін жазып, жауап қайтарды.
Алматыдағы «Орталық» стадион бүгін де лық толы болды. Матчқа дейін де «Ақтөбе» жанкүйерлері көшелерді жүріп, стадионда сүйікті командасына ерекше қолдау көрсетті.
Айта кетейік, ҚПЛ-дың бесінші турында «Қайрат» өз алаңында «Ақтөбені» қабылдап, 1:3 есебімен жеңіліп қалды. Ақтөбелік клуб 2015 жылдан бері алғаш рет сырт алаңда алматылық команданы жеңіп отыр.